Маркетологтардың тарихта қалған қателіктері

Jagermeister коматозды сауық кеші

Бассейндегі сұйық азот
©static.life.ru

Мексикалық Producciones Guateque компаниясы 2013 жылдың жазында Jagermeister алкогольді сусынымен бірлесе отырып, сауық кеш ұйымдастырды. Кеш қыза түскен шақта  Producciones Guateque қызметкерлері шоу жасау үшін қонақтар шомылып жатқан бассейнге сұйық азот әкеп құяды. Олардың ойынша бассейн беті буға айналу керек болған, алайда адамдар тұншыға бастайды. Он адам ауруханаға жеткізіліп, оның біреуі екі аптаға комаға түсіп қалады. Артынан белгілі болғанындай, сұйық азоттан бөлінген газ ауадағы оттегіні ысырып тастаған. Салдарынан демалу қиындаған. Осы жағдайдан кейін барлық зардап шегушілерге өтемін төледі.

«Фастфуд» командасының террористік «тосын сыйы»

электро робот2007 жылы Turner Broadcasting компаниясы Interference INC агенттігіне «команда Фастфуд» (Aqua Teen Hunger Force) анимациялық фильмінің желісіндегі толық метражды фильм түсіруге тапсырыс береді.

Агенттік оны әзілге айналдырғысы келген: көшелерге, көпірлерге және метроға батарейка, конденсатор, диодтар мен тоқтары салбыраған плакат іледі. Жарнамашылардың ойынша, бұл құрылғылар анимациялық фильм кейіпкерлерін еске түсіру керек болған. Бірақ Бостон тұрғындары одан күдіктеніп, полиция шақырып, шу шығарған. Көшелер жабылып, тексеру жұмыстары жүргізілген. Осыдан кейін Turner Broadcasting басшысы кейін бұл тапсырысы үшін кешірім сұрап, іздестіру шаралары үшін 2 млн доллар төледі. Бұл фильм түсіруге кеткен шығыннан 3 есе көп еді. Ал, плакаттарды жасаған агенттіктің екі ер-азаматы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 5 жылға сотталып кетулері де мүмкін еді.

Dr Pepper Snapple компаниясының бәске тіккен тегін сусындары

газды сусынБір компаниялар «партизан» агенттіктердің креативті идеяларына ақша шығындап жүргенде, Dr Pepper Snapple газдалған сусындар компаниясы бәс тікті.

Бұл 2008 жыл еді. Олар әйгілі рок тобы Guns N’ Roses жаңа Chinese Democracy. альбомын жаңа жылға дейін шығарса, әр американдыққа бір банка сусыннан тегін тарататынын айтқан. Сезіп отырғаныңыздай, «рокерлер» альбомын 23 қараша күні шығарды. Dr Pepper Snapple жеңілгенін мойындап, сайттарына тегін купондарыд жүктеді. Салдарынан сервер бір мезетте көп қолданушыны көтере алмады.

Кливлендтегі ұшпай қалған 1,5 млн шар

шар ұшыру1986 жылдың қыркүйегінде Кливлендтегі United Way ұйымы әуеге 1,5 млн шар ұшырып, рекорд орнатпақ болады. Бұл акция қаладағы жұмыссыздыққа назар аудару үшін ұйымдастырылған еді. Алайда, таңертеңнен бастап жаңбыр жауып, шарларды жан-жаққа ұшырып әкетеді. Оның жартысы жақын маңдағы аэропортқа барып, ұшақтардың рейсін бөгесе, тағы жартысы Эри теңізінің жағалуына түсіп, жоғалған екі балықшыны іздестіру шарасына кедергі туғызған. Кейінірек балықшылардың денелері сумен жағаға шығып қалады да, олардың біреуінен қалған жесірі ұйымды сотқа беріп, 3,2 млн доллар өтемақы талап етеді. Бұл көрініске Канадалықтар да куә болды. Шарлар Эри теңізінің солтүстік жағалауына да жеткен екен.

«ЖИТС арықтатады»

Ayds батондарыМаркетологтар кейде қателеседі, кейде жолдары болмайды. Мысалы, Ayds диеталық батондарының шығарушылардың жолы болмады деп сенімді түрде айта аламыз. Олар өнімдеріне анестетика қосу арқылы адамдардың тамаққа деген тәбеттерін әлсіретіп, арықтатпақ болады. 1980 жылдары өте қарқынды түрде сатылып, сұранысқа ие болады. Дәл осы уақытта әлемдік дәрігерлер өлімге соқтыратын ЖИТС ауруын ашты. ЖИТС ағылшынша AIDS. Осы уақыттан бастап диеталық батонның жарнамалық ұрандары «ЖИТС салмақ тастап, арықтауға көмектеседі», «ЖИТС-тің арқасында салмақ таста!» деген мұқату сөздеріне айналып шыға келді. Салдарынан 1988 жылдың соңында сатылым 40 пайызға төмендеді. Оны сатып алған Dep компаниясының басшылары өнімдерідң атауын Diet Ayds деп өзгертеді. Содан бері оны ешкім сатып алмайды.