23 сәуірде солтүстік-батыстан басқа өңірлерде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, өңірлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, түнгі мезгілде топырақ бетінде 2 градусқа дейін ызғар болады. Жамбыл облысында тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жел күшейеді, Қызылорда облысында тұман түседі. Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түсіп, жел күшейеді. Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында күн тұманды болады.

Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшуі мүмкін.