Алдағы тәуліктерде ауа температурасы күрт жоғарылайды

«Қазгидромет» РМК мамандары 4-6 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанға жылжыған антициклон республиканың көптеген облысында жауын-шашын мен күннің сууын тоқтатты.

Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклон ықпалынан жауын-шашын басылады және ауа температурасы күрт жоғарылайды, 6 мамырда күндізгі ауа температурасы 23-28 градусқа, оңтүстік пен орталықта 27-32 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық фронт ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді. Жауын-шашынның тоқтауымен мұнда ауа көктемгідей тез жылиды, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

4-6 мамыр күндері еліміздің батыс облыстарына Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық фронттар жылжиды. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл соғады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да