2018 жылдың қаңтарында тауар сатып алуға келген туристер 152,7 миллион теңге жұмсаған, бұл көрсеткіш 2017 жылдың қаңтарына қарағанда 6,8%-ға аз болған еді.

Finprom.kz мәліметінше, биылғы қаңтарда елімізге келген туристер арасында жүргізілген сауалнама олардың 1,7%-ының ғана мақсаты шопинг болғанын көрсетті. Қазақстанға сауда жасауға келгендердің көбі Алматыда (39,9%), Алматы облысында (19%) және Ақтөбе облысында (9,8%) болған.

Республика бойынша Алматының сауда орталықтары шетел туристерін көбірек тартады. Мұнда дүкен желілері мен сауда — ойын-сауық орталықтарының жалпы ауданы — 1,8 миллион шаршы метр. Бұл жалпы Қазақстан бойынша сауда алаңдары ауданының 16%-ына тең.

Қазақстанға шопинг үшін келетін туристердің 88,5%-ы ТМД елдерінен. 37%-ы Ресейден, 31,8%-ы Қырғызстаннан, 29,9%-ы Өзбекстаннан және 9,8-ы Қытайдан.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізге шопинг үшін келетін туристерге қосымша құн салығы сомасын қайтару жүйесін енгізгелі отыр. Мұндай тәжірибе Еуропа одағы елдерінде, Австралияда, Таиландта, Сингапурда және ТМД-ның бірнеше елінде бар.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Gleb Tagirov)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!