Қазақстандағы ең үлкен кинотеатр

MEGA-ны кеңейту жобасы бойынша Chaplin Cinemas бренд атауымен 2 136 орынға арналған, жаңа 15 залды мультиплекс-кинотеатр ашылады. Екі қабатты мультиплекстің жалпы аумағы — 8 570 шаршы метр. Ең үлкен экранның көлемі 25х13,5 метр болмақ.

Жаңа мультиплексте балаларға арналған қарапайым креслолардың орнында арнайы пуфиктер мен дивандары бар зал ашылады. 380 отыратын орны бар, 700 шаршы метр аумақты алатын киноконцерт залы да болады.

MEGA Alma-Ata-да жаңа форматтағы фуд-холл пайда болады

Тамақтануға арналған орындар саны екі есе артып, 1 010 болады. Осыған орай орталықта фаст-фуд саласындағы жаңа нүктелер ашылады және фуд-холлдар жұмыс істейтін болады.

MEGA-да уақытты қалай тиімді өткізуге болады?

Baribar.kz сайты әзірлеген мультимедиалық карта MEGA сауда ойын-сауық орталығында уақытты тиімді өткізуге көмекші болады. Әр кешендегі белгіге шертсеңіз, жұмыс кестесі, қызмет ақысы, жеңілдіктер мен қосымша пайдалы ақпарат шығады. Картаны MEGA сауда ойын-сауық орталығына барған кезде қолдана аласыз.

Мультимедиалық карта

Картаны жүктеп алуыңызға болады.

[mega]

 

MEGA өз ұстанымын сақтай отырып, сауда орталықтарын әркез дамытуға және оларды өзгертуге қорықпайды. Жанындағы аудандардың өзгеруіне, әдеттегі демалыс пен жайлы шопинг туралы да қалыптасқан таптаурындарды бұзады. Қонақтарын таңғалдыруға деген ұмтылыс ұзақ жылдар бойы ең үздік сауда орталықтарының бірі болып қалуға мүмкіндік береді.