Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының сүңгуір бөлімшесінің қызметкерлері балаларды жүзуге үйретті. Ол «Білім беру және тәрбиелеу» жобасы бойынша ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
Жоба аясында ТЖД қызметкерлері Талдықорған мектептеріндегі аз қамтылған отбасылардан жиналған 72 баланы жүзуге үйретіп, шомылу маусымына дайындайды. Балалар жасына сәйкес топтарға бөлінеді.
Сүңгуір-құтқарушылар сабақты судағы жүріс-тұрыс қағидалары туралы танымдық дәрістерден бастады. Балалар дәрістен кейін құтқарушылардың бақылауымен жүзуді үйренді.
