Алматы облысының ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралап жүр

Тұрғындарға пешті орнату және пайдалану жөніндегі негізгі талаптар мен өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Бұл туралы Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және еріктілермен бірлесіп халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға бағытталған жеке секторды аралау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жылыту кезеңі басталғаннан бері 215 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді. Пештерді, газ жабдығын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылады.

Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың үйлерінде 249 иісті газ датчигі орнатылды.

Жеке сектор тұрғындарын оқыту өрттің пайда болуының алдын алудың маңызды мезеті болып табылады, сондықтан ТЖД қызметкерлері жылыту кезеңінің соңына дейін осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.

Алматы облысы ТЖД жылыту маусымы кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

— барлық жылыту кезеңі бойында айына бір реттен кем емес (жылыту пештері үшін) түтін жолдарын тазарту;

— жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау, сондай-ақ үйден шығар алдында 2 сағат бұрын пеш жағуды тоқтату;

— балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіріңіз. Оларға тұрмыстық жылыту құралдарын өз бетімен пайдалануға рұқсат бермеңіз. Сіріңкені олардың қолдары жетпейтін жерге қойып, балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

— электр сымдарының, ажыратқыштардың және розеткалардың жарамдылығын бақылау;

— бір желіге бірнеше электр құралдарын қосуға жол бермеу, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;

— қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбау;

тұтанатын сұйықтықтармен (бензин, керосин, дизель отыны және тағы басқа) жағуға жол бермеу;

— пештің үстіне және жақын жерде отынды, киімді және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды кептіруге және жинауға болмайды.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің осы қарапайым талаптарын орындау сізді күтпеген салдарлардан құтқарады және әрбір тұрғын үйдің иесі жылыту пештерін қолданғанда өте сақ болуы керек. Өрт аяусыз. Өз денсаулығыңыз, өміріңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігі үшін осыны ұмытуға болмайды.