Алматы облысының ТЖД қызметкерлері балаларға жүзуді үйретті

Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының сүңгуір бөлімшесінің қызметкерлері балаларды жүзуге үйретті. Ол «Білім беру және тәрбиелеу» жобасы бойынша ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Жоба аясында ТЖД қызметкерлері Талдықорған мектептеріндегі аз қамтылған отбасылардан жиналған 72 баланы жүзуге үйретіп, шомылу маусымына дайындайды. Балалар жасына сәйкес топтарға бөлінеді.

Сүңгуір-құтқарушылар сабақты судағы жүріс-тұрыс қағидалары туралы танымдық дәрістерден бастады. Балалар дәрістен кейін құтқарушылардың бақылауымен жүзуді үйренді.

Сабақ барысында балалар кәсіби сүңгуірлерден тіршілік қауіпсіздігі мен су аквоториясындағы төтенше жағдайларда әрекет етуді үйренеді.
Балаларға дәріс оқылып, радио, теледидарда роликтер көрсетіледі.
Құтқарушылар ескертеді:
— жүзе білу — суда қауіпсіз демалудың маңызды шарттарының бірі. Жүзу білмесеңіз, суға белден жоғары кірмей, тіпті, дөңгелектер мен үрлемелі матрастарды пайдаланбаңыз;
— барлық қауіпсіздік талаптарына сай арнайы жабдықталған жағажайларда шомылыңыз;
— суға ұзақ түспеңіз. Салқындап және шаршап қалуыңыз мүмкінсіз;
— жағалаудан алыс жүзбей, түнгі уақытта шомылмаңыз.