Өткен наурыз айының соңына қарай елімізде ұялы байланыс интернетін пайдаланушы абоненттердің қатары 10%-ға көбейіп, барлық абонент санының 56,2%-ы деңгейіне жетті.

Finprom.kz зерттеушілерінің мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-наурыз айларында телекоммуникация қызметтерінен түскен табыс 187,9 миллиард теңгеге жетті, көрсеткіш бір жылда 5,1%-ға артқан. 2018 жылдың алғашқы үш айында табыс көлемі 178,7 миллиард теңге (2017 жылдың сондай кезеңіне қарағанда 6,2%-ға көп) болған еді. Табыстың көп бөлігі интернет-қызметтерден түскен — 67,6 миллиард теңге (былтырғыдан 14,1%-ға көп). Ұялы байланыс қызметінен түскен табыс көлемі, керісінше, азайған: 50,8 миллиард теңге (бір жылда 6,7%-ға азайған, былтыр 54,5 миллиард теңге болған).

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында интернетпен және мобайл банкингпен қолма-қол ақшасыз төлем жасау көлемі 741,3 миллиард теңге болды, бұл былтырғы сондай кезеңмен салыстырғанда 2,4 есе көп. Онлайн төлем жасаудың жалпы көлемдегі үлесі 61,7% болды. Осы жылдың екі айында интернетпен және мобайл банкингпен 50,3 миллион транзакция жасалған, былтырғы қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 23,3 миллион болған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!