«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» жаңа мобильдік қосымшасын іске қосты. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында компания клиенттерімен қарым-қатынасты оңтайландырып, цифрландыруға көшті.

Клиент дизайны қарапайым әрі түсінікті қосымшадан төлемдерінің тарихын, төлем сомасы мен қарызын, шотта қалған қаражатын қарай алады. Қосымшадан шықпай, онлайн-банкинг арқылы төлемдер жасауға мүмкіндік те бар.

Мобильдік қосымшаның басты жаңалығы — клиент ПИК-пен байланыс орната алады. Ондағы жеке кабинетке кіріп, ПИК-ке өтініш толтырып жіберсеңіз, оны сол мезетте диспетчер қабылдайды. Кейін диспетчер сіздің ауданға қарасатын маманға хабарлама жіберіп, нұсқау береді. Өтінішіңіздің орындалуын келіп тұратын хабарламалар арқылы бақылай аласыз. Маман жұмысы сізді қанағаттандырмаса, қосымша арқылы ПИК-ке арыз жазсаңыз болады.

Сонымен қатар клиент жеке кабинет арқылы өтінім мен ұсыныстарын жібере алады. ПИК-тің есептері мен жұмыс жоспарын бақылап, сауалнама мен дауыс беруге қатысуға болады.

Қазір компанияның ресми сайтында 8000-ға жуық адамның жеке кабинеті бар. Олар қосымшаны тіркелмей-ақ, жеке кабинетінің e-mail мен құпия сөзі арқылы пайдалана алады. Бұл мобильдік қосымшаны пайдаланғаннан тұрғын үйді күту шығындары өспейді.

Бүгінде «Қазақстан Ипотекалық Компаниясында» ауданы миллион шаршы метрден асатын тұрғын үй бар. Бүкіл Қазақстан бойынша «ҚИК» 18 мыңға жуық пәтерді жалға береді. 80 басқарушы компаниясы мен 100-ден аса нысан бар. Біз үшін ПИК, клиенттер және компанияның арасындағы процестерді автоматтандыру — басты міндет. 2019 жылдың аяғына дейін барлық клиентке мобильдік қосымша арқылы қызмет көрсетуді көздеп отырмыз, — дейді басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин.

Мобильдік қосымшаны App Store және Play Market-тен KMC.kz атауымен тегін жүктеп алуға болады.