Қазақстанда пандемияның бір жылы қалай өтті?

0%

2020 жылы 13 шілдеде Қазақстан халқы коронавирус құрбандарын аза тұтты. Бұл ел тарихындағы нешінші қаралы күн?

Ел халқы мұның алдында 2006 жылы Ленин шахтасындағы, 2008 жылы Абай шахтасындағы жарылыс салдарынан, 2010 жылы Қызылағаштағы су тасқыны, 2012 жылы Арқанкерген оқиғасы және АН-72 ұшағы апаты, 2013 жылы Bombardier CRJ200 ұшағы апаты, 2016 жылы Ақтөбедегі терракт, 2019 жылы Bek Air ұшағы апатынан қаза болғандарды аза тұтты.
Show hint
Дұрыс! Қате!

Қазақстан халқы бұған дейін 2006 жылы Ленин шахтасындағы, 2008 жылы Абай шахтасындағы жарылыс, 2010 жылы Қызылағаштағы су тасқыны, 2012 жылы Арқанкерген оқиғасы және АН-72 ұшағы апаты, 2013 жылы Bombardier CRJ200 ұшағы апаты, 2016 жылы Ақтөбедегі терракт, 2019 жылы Bek Air ұшағы апаты кезінде қаза болғандарды аза тұтты.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда 2020 жылы сәуірде коронавирус жұқтыру шегіне жетіп, кейін азаятынын айтты. Ол осы кезде қанша адамнан инфекция анықталады деп болжады?

Дұрыс! Қате!

Елжан Біртанов былтыр наурыз, сәуір, мамыр айларында үш жарым мыңдай адам COVD-19 жұқтырады деген болжам айтты. Бірақ министрдің бұл болжамы қате болып шықты. Бұл кезеңде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты.

Қазақстанда пандемиямен күрескендерге қандай медаль берілді?

Дұрыс! Қате!

"Халық алғысы" медалі COVID-19 инфекциясына қарсы күресте ерекше көзге түскендерді көтермелеу мақсатында жасалды.

Алматыда коронавирустан қаза болғандарды алғашында қайда жерледі?

Дұрыс! Қате!

Алматыда COVID-19 инфекциясын жұқтырып қайтыс болғандар әуеліде Қараой елдімекені маңына жерленді.

"Ғалымдардың болжамы бойынша коронавирус Қазақстанға наурыздың 11-16-сы аралығында келуі мүмкін" деген кімнің сөзі?

Дұрыс! Қате!

Бұл - сол кездегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің сөзі. Ол бұл болжам ғалымдардың математикалық модельдеуі бойынша жасалғанын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус ахуалы өршіп тұрған кезде инфекциядан қандай емделу тәсілін мақұлдады?

Дұрыс! Қате!

Мұның бәрі әлеуметтік желіде тараған фейк. Министрлік аталғандардың бірде-бірін коронавирусты емдеу хаттамасына енгізген жоқ.

Төтенше жағдай режимі және карантиннің қатаң шектеулері енгізілгенде кімдердің қалада жұмыс бабымен жүруіне рұқсат етілді?

Дұрыс! Қате!

Төтенше жағдай режимі және карантин енгізілгенде әкімдіктер рұқсатымен кейбір мамандық иелерінің жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Олардың ішінде денсаулық сақтау, құқық қорғау, БАҚ саласы қызметкерлері де бар.

2020 жылы 25 мамырда Алматыға кіреберістегі блокпоста қандай оқиға болды?

Дұрыс! Қате!

Былтыр Алматыға кіреберістегі блокпостардың бірінде мас жүргізуші үш полицейді қағып кетті, екеуі қайтыс болды. Азат Азаматов кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстанның қай шенеуніктері COVID-19 жұқтырды?

Дұрыс! Қате!

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Теміртаудың экс-әкімі Ғалым Әшімов коронавирус жұқтырып, кейін айықты.

Төтенше жағдай және карантин режимі кезінде 42 500 теңге кімге берілді?

Дұрыс! Қате!

Төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айрылғандарға әлеуметтік жәрдемақы - ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңге төленді.

Қазақстанда пандемияның бір жылы қалай өтті?
Нәтижеңіз жаман емес. Санитария-эпидемиология талаптарын сақтауға және елде болып жатқан өзгерістер туралы жаңалықты оқуға кеңес береміз!

Коронавирус пандемиясы туралы иллюстрация

Жарайсыз! Елде болып жатқан жаңалықтардан хабардар екенсіз. Санитария-эпидемиология талаптарын да үнемі сақтауға кеңес береміз!

Коронавирус пандемиясы туралы иллюстрация

Әлеуметтік желіде бөлісу: