Биыл Қызылорда облысы Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 36 731 гектар егiстік егу жоспарланып, уақытылы агротехникалық талаптарға сай орналастырылды.
2020 жыл "Волонтер жылы" аясында Жалағаш ауданының ерікті жастары түрлі бағыттағы 10 жобаның жеңімпазы атанды. Барлық жобаның құны - 3 миллион 600 мың теңге.
Жалағаш ауданында еріктілер жалғызбасты зейнеткердің үйінің шатырын жөндеп берді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.