Жалағаш жастары түрлі бағыттағы 10 жобаның грантын ұтып алды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Қызылорда облысының ауылдық ҮЕҰ-дың және бастамашыл топтардың әлеуетін көтеруге арналған үш грант, Birgemiz Sabaqtastyq жалпыұлттық жобасы аясында екі шағын грант, Birgemiz: Umit волонтерлық бағыты бойынша төрт шағын грант, Birgemiz: Saulyq волонтерлік бағыты бойынша бір шағын грант иеленді.

Жобалардың барлығы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, бұқаралық спортпен айналысу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық, медициналық көмек беру мақсатында жүзеге асып жатыр.

Ауданда алдағы уақытта шағын грант иеленуге жеті бағыт бойынша 30 жобаға өтінім берілген.