Жалағаш зауыты өңірдегі шаруашылықтың 90%-тін тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді

Жалағаш кентіндегі «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өңдеу зауыты Қызылорда облысындағы шаруашылықтардың 80-90%-ке жуығын тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зауыттың жалпы құны — 400 миллион теңге. 22 адамды жұмыспен қамтыған. Олардың басым бөлігі — аудан тұрғындары.

Айта кету керек, облыс көлемінде көктемгі егіс науқанында ауыл шаруашылығы бағытындағы шаруа қожалықтарды тыңайтқышпен қамтамасыз ететін болғандықтан төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Арнайы көлікпен тыңайтқыштар шаруашылықтарға тасымалданып жатыр.