Жалағаш ауданының бірқатар мектебі күрделі жөндеуден өтеді

Биыл Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округіндегі салынғалы бері күрделі жөндеуден өтпеген №188 орта мектеп ғимаратына, Мақпалкөл ауылдық округіндегі Ә.Оңалбеков атындағы №117 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіледі.

Ауданда 36 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Олардың ішінде 10 мемлекеттік балабақша, 18 жеке балабақша және сегіз мектеп жанынан ашылған шағын орталық жұмыс істейді. Бұл мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 2156 баланы қамтып отыр.

Жалағаш ауданында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100%-ке жеткізу міндеттемесі толығымен орындалды.

Биыл «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында аудан орталығындағы бірнеше жылдан бері бос тұрған ескі емхана ғимаратын балабақша етіп жаңғырту жұмысы да жүргізілмек.