Жалағаш еріктілері зейнеткер үйінің шатырын жөндеп берді

Аудан жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі мен аудандық пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар арасынан еріктілер тобы құрылып, тұрмыс жағдай төмен зейнеткердің үйін  өз қаражаттары есебінен шатырлап берді.

Жалғызбасты зейнеткер қыс-көктем айларында қиналғанын айтты. Қыста сыз тартып, көктемде жаңбыр жауса, шатыры болмағандықтан төбесінен су ағатын үйде жалғыз өмір сүріп келеді. Қиын жағдайдағы әжейдің  тұрмысымен танысқан есептегі азаматтар,  қол қусырып отыра алмады. Тез әрі жылдам шешім қабылдып, шатырға қажет заттарды өз қаражаттары есебінен алып, сауабы мол іс тындырды, – делінген хабарламада.

Үйінің шатырланғанын риза болған зейнеткер «Темірқазық» қоғамдық бірлестігіне және  аудандық пробация қызметкерлері мен есептегі азаматтарға алғысын айтып, батасын берді.