Конституцияның 44-бабына сәйкес, Елбасы Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Бақытжан Сағынтаевтың кандидатурасын ұсынды.
Тамыз айында айлық инфляция 0,2 пайызға дейiн баяулап, жыл басынан 5,4 пайызды құрады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев мәлiмдедi.