Еркебұлан Жақсылықов - Қызылорда қаласында ғылыммен айналысып жүрген жас ғалым. Еркебұлан 20-30 күннің ішінде ыдырап, экологияға зиян келтірмейтін полиэтилен пакет ойлап тапқан. Табиғи полимер негізінде алынған нанокомпозитті пленкалар антибактериалды қасиетке ие. Қызылордалық жас ғалым алдағы уақытта бұл жаңалығын өндіріске енгізбек екен.