Мемлекет басшысы қол қойған заң шеңберінде Қаржы министрлігінің бұйрығымен салық рақымшылығын жүргізу ережесі бекітіліп, бүгін, 16 шілдеде күшіне енді.
Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған салық рақымшылығы 2019 жылдың 1 қаңтарында басталды. Оны өткізуді Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған еді.