QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы "СҚ-Фармацияның" хабтарына жөнелтілді. Одан әрі еліміздің барлық өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізіледі.
Мемлекет басшысы қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Жамбыл облысындағы кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысып, коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдыруға ниетті.