Президент QazVac вакцинасын әзірлеген ғалымдарға алғыс айтты

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парағында жазды.

QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!, — деді президент.

Айта кетейік, кеше QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына жөнелтілді. Қазақстандықтар отандық вакцинаны 26 сәуірден бастап салдыра алатыны хабарланды.