Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жолы отандық вакцинаны салдырады

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қойып жатыр. Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді, — деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жолы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты.

Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті, — деді президенттің баспасөз хатшысы.

Берік Уәлидің айтуынша, президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді.

Айта кетйік, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 сәуір күні Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдыртты.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы қалай әзірленді?