Мәнспредиң: анатомиялық ерекшелік пе, әлде әдепсіздік пе?
Қоғамдық көлікте аяқты шамадан тыс керіп отыру — көпшілікке таныс көрініс. Біреулер мұны ерлердің анатомиялық ерекшелігімен байланыстырса, енді бірі өзгеге құрметсіздік пен мәдениетсіздіктің белгісі дейді. Кейінгі жылдары әлемде «мәнспредиң» ұғымы кең талқыланып, қоғамдық кеңістіктегі этика мәселесіне айналды.
