Бостандық ауданының 86 көпбалалы отбасы "Бақытты отбасы" орталығында кеңес пен әлеуметтік көмек алды. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов айтты.
Қазақстанда 1 тамыздан бері халыққа тегін құқықтық кеңес беретін орталықтар жұмыс істеп жатыр. Орталықтар Qorgau жобасының аясында ашылған. Мақсат - халықтың заң сауатын арттыру.