Атырауда 19 көпбалалы ана алтын және күміс алқалармен марапатталды

Қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов 19 анаға алқа тақты.

Полымбет Хасановтың айтуынша, Атырауда 5 мың көпбалалы ана бар. Оның 2940-ы алты және одан да көп құрсақ көтерген ана. «Алтын алқамен» 4, «Күміс алқамен» 15 ана марапатталды.

отбасы күні
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Мен сияқты көпбалалы ана үшін бұл марапатқа ие болу — үлкен мәртебе, мемлекетіміздің батыр аналарға ерекше көңіл бөлгеніне қуаныштымын. Жұбайым екеуіміз 1 жас пен 18 жас аралығындағы 7 баланы тәрбиелеп отырмыз, отбасымыз өте жақсы, керемет балаларымыз бар, — дейді «Алтын алқа» иегері Мейрамгүл Жұбайғазиева.

Шара соңында қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов көпбалалы аналарды өткен Отбасы күнімен құттықтап, зор денсаулық пен бақыт тіледі.