Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Хабар» агенттігімен бірлескен «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауы бойынша жерлесіміз, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «Жылдың үздік жас спортшысы» атағына ие болды.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Минск қаласындағы «Ice Star Minsk» халықаралық турнирінде алтын жүлдені иеленді. Жарысқа 12 елден 20 мәнерлеп сырғанаушы қатысқан.