Элизабет Тұрсынбаева Азиаданың қоласын еншіледі

Қоржынымызға кезекті қола медальді асау спорт түрі саналатын мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева жеңіп алды. Ол осыдан екі бұрын жарыстың қысқа бағдарламасында 17 жастағы аруымыз 53,16 ұпай жинап алтыншы орыннан көрінген болатын.

Осыған дейін аталған сайыста аустралиялық Кэйлани Крэйн (55,02 ұпай), Қытайдың екі өкілі – Ли Цзыцзюнь (58,65) және Чжао Цикан (58,90), жапон спортшысы Рика Хонго (60,98) және Оңтүстік Корея өкілі Чой Да Бин (61,30) шығып кеткен еді.

Бүгін Элизабет Тұрсынбаева конькимен мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында 121,88 балл жинап екінші, екі түрі бойынша жалпы 175,04 балмен үшінші орынға тұрақтады. Бұл сайыста алтын медаль оңтүстік кореялық Дабин Чойдың (187,54) еншісінде, қытайлық Цзиюнь Ли (175,60) күмісті иеленді.

ДереккөзInform.kz