Алматыда елдің бас заңына арналған салтанатты жиын өтті. Шарада Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Елбасының конституциялық құрылымның негізін қалаушы екенін айтты.
Кездесуде Бақытжан Сағынтаев қаладағы барлық аурухана мен емханаға аудит жүргізілгенін мәлімдеді. Оған қоса шеткі аудандардың 6000-нан астам тұрғынын қамтитын денсаулық айлығы басталды.