Алматы әкімдігі: Бақытжан Сағынтаев отставкаға кетпейді

Әлеуметтік желілердегі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс орнында өз міндеттерін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешіп жатыр, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға жіберу туралы петиция жариялады. Оған қазірдің өзінде 16 мыңға жуық азамат қол қойған.