ЮНЕСКО-ның 41-ші бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне Қазақстанның ұсынысымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Роза Бағланованың 100 жылдығы енді.
Бұл - Ахмет Байтұрсынұлының Алматыда тұрған үшінші үйі. Үшеуінің ішінде сақталып қалғаны да - осы. Ол мұнда мемлекеттік қызмет атқарған кезінде, 1934-1937 жылдары тұрған.