Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

«Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін, — делінген құжат мәтінінде.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енеді.

Ахмет Байтұрсынұлы — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі.