Жаңартылған «Әліппеде» QR кодты қолдануға болады

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов қазіргі «Әліппенің» бұрынғыға қарағанда маңызды артықшылығы барын және кітапты оқу әлдеқайда жеңіл болатынын айтты.

Сонымен қатар қазір оқулықта қазақстандық құндылықтар белсенді түрде насихатталған. Оқулықтың тағы бір ерекшелігі QR кодтарын қолдану болады: бала смартфонды оқулыққа көрсете алады, содан кейін тапсырманы ести алады және оқулықтағы суреттен кейіпкерлердің қозғалысын көреді, бұл оқушыға жазуды немесе оқуды білмесе де тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді, деді орталықтың директоры.