ЭКСПО билетін сатып аларда нені білу қажет?

ЭКСПО билеті

EXPO-2017 көрмесіне онлайн билет алу жүйесі іске қосылды. Билет құны 4000 теңгеден басталады. Егер билетті 10-20 маусым аралығында сатып алсаңыз 50 % жеңілдік, 21-31 маусым аралығында алсаңыз 30%, 1-10 шілде аралығында 20% жеңілдік беріледі. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар ойынына қатысуға мүмкіндік аласыз.

1. Билет құны қанша?

Ең арзан билет 4 мың теңге тұрады. Бұл - нақты бір күнге арналған билет құны. Егер осы билетті сатып алар болсаңыз, нақты бір күнді алдын ала жоспарлауыңыз керек. Сондай-ақ бұл билетпен тек жұмыс күндері, яғни дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықтағы бір күні ғана кіре аласыз.

Жұмыс күнінің кез келген күнінде көрмеге 6 мың теңгелік билетпен кіруге болады. Егер ЭКСПО-ны демалыс күндерінде тамашалауды жоспарласаңыз, 8 мың теңгелік билетті сатып алуыңыз қажет.

Сондай-ақ VIP қонақтарға арналған кәдесыйлық киіз конвертті билеттер де сатылады. Оның өзіндік артықшылықтары бар. Киіз конвертті билеттің құны - 20 мың теңге.

2. Билет кімдерге тегін беріледі?

Билет құнына 100% жеңілдік мына топтағы азаматтарға қарастырылған:

— Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектер және 1 (бір) алып жүрушіге;
— Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
— Барлық топтағы мүгедектер және 1 (бір) алып жүрушіге;
— Жетім балалар және 10 балаға дейін топқа 1 алып жүрушіге.

3. Билетті 50% жеңілдікпен кімдер сатып ала алады?

-Зейнеткерлердің;

-Көп балалы аналардың;

-4 және одан артық бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылардың;

-Оқушылардың;

-Студенттердің  билетті 50% жеңілдікпен алуға құқығы бар.

Ескере кететін жайт, жеңілдіктер мен шегерімдер мәдени бағдарламаға қолданылмайды.

Сондай-ақ, шетелдік азаматтар аталған жеңілдіктерді пайдалана алмайды. Алайда 6 жасқа дейінгі шетелдік балалар көрмеге тегін кіре алады.

4. Билеттер қайда сатылады?

ЭКСПО билеттерін интернет арқылы және арнайы сату пунктерінен сатып ала аласыз.

5. Билетті интернет арқылы қалай сатып алуға болады?

Билеттерді онлайн tickets.expo2017astana.com сайтынан сатып алуға болады. Билетке тапсырыс жасау үшін:
- қажетті билет түрін – күні белгіленген билет немесе ашық даталы билетті таңдау;
- қажетті билет санын таңдау;
- «Билетті сатып алу» батырмасын басу және Себетке өту;
- «Тапсырысты ресімдеу» бөлімінің барлық алаңын толтыру;
- билет-Электрондық билетті алу тәсілін таңдау;
- төлеу тәсілін таңдау –банк картасымен онлайн;
- «Тапсырысты ресімдеу» батырмасын басу керек.

Интернет төлем MasterCard  және Visa карталары арқылы жасалынады.
Картамен төлем жасау үшін, картаңызда 3-D Secure технологиясы қосулы болуы қажет.

6. Электронды билетті қайтаруға немесе ауыстыруға бола ма?

Электронды билетті қайтаруға болады. Күні белгіленген билеттер сол күні сағат 23.59-ге дейін кері қабылданады. Ал егер белгіленген күннен уақыты асып кетсе, билет кері қабылданбайды.

Көрмеге арналған билеттер ауыстырылмайды.

7. Электронды билетті қағаз билетке ауыстыру қажет пе?

Ауыстыру қажет емес. Мұның маңызы аз. Себебі электронды билет - қағаз билетке балама. Екеуінің айырмашылығы жоқ.

8. Билетпен бір күнде көрмеге неше рет кіруге болады?  

Билет тек бір рет кіруге жарамды. Егер сіз көрме аумағынан шығып кетсеңіз, оған қайта кіре алмайсыз.

9. Сатып алынған билетті басқа адам пайдалана ала ма?

Билеттер атаулы емес. Сол себепті онымен кез келген адам көрмеге кіре алады. Сатып алған билетіңізді басқа адамға беруге, сыйға тартуыңызға болады.

10. Балаларға билет қалай беріледі?

6 жасқа дейінгі балалар көрмеге тегін кіре алады. Алайда оның қасында ересек адамның болуы шарт. 6-дан 16 жасқа дейінгі балалар үшін билет бағасына 50% жеңілдік бар. 12 жастан асқан балалар мектептен анықтама алуы керек. 16 жастан асқандар ересек адамсыз көрмеге кіре алады (ақылы).

11. Көрмеге қай уақытта баруға болады?

Көрменің жұмыс уақыты сағаты 09.00 - 01.00 дейін. Келушілер көрмеге сағат 22:30 дейін кіре алады.

Қандай да бір сұрақ пайда болған жағдайда, ЭКСПО көрмесінің ресми сайттындағы кері байланыс нысаны арқылы мамандармен байланысуға болады. Сондай-ақ сауалыңызды сайттың жоғары бөлігінде көрсетілген әлеуметтік аккаунтта да қалдыруға болады.