Депозит ашпас бұрын нені ескеру керек? Оны үйде отырып рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Baribar.kz ақшаны тиімді сақтау туралы айтып береді.
1. Депозит дегеніміз не? Ол не үшін керек?
Депозит (салым) – банкке апарып салып қоятын қаражатыңыз. Банк бұл ақшамен түрлі қаржы операцияларын жүргізеді және осы іс барысында түскен кірісті пайыз түрінде сіздің ақшаңызға қосып отырады. Яғни депозиттегі ақша құр жатпайды, көбейе береді.
Мұндай пайыздың жалпы шегін (мөлшерлеме) Ұлттық банк анықтайды. Алайда нақты қанша сома табыс табатыныңыз нақты депозит шартына байланысты. Жалпы, қанша уақыт жинайтыныңыз, соған орай қандай соманың басы құралатыны, оны шешіп алуға болатын-болмайтыны - мұның бәрі банк өнімдерін мұқият зерттеуді қажет ететін дүние.
Депозит түрлі мақсатта керек болуы мүмкін. Біреуге депозит - қиын-қыстау заманда қажетке жарайтын құрал. Енді бір жан оны "баламның білімі үшін" деп ашады.
Қаржыгерлер кез келген адам депозит ашпас бұрын мақсатын айқындап алғаны дұрыс деп есептейді. Соған орай депозиттің де түрін, шарттарын белгілеп аласыз.
2. Депозит ашар кезде банкті қалай таңдау керек?
Қазақстанда банктерге ортақ ереже бар. Ол - депозит қызметін ұсынатын банктің Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры құрамында болуы. Депозит ашпас бұрын өзіңіз қалаған банктің осы Қорда сақтандырылғанына көз жеткізіңіз. Бұл туралы қордың немесе банктің ресми сайтынан біле аласыз. Біз бүгін мысал ретінде қарастыратын Halyk bank-тің барлық депозиті осы шартқа сай келеді.
Қор теңгемен ашылған (10 млн теңгеге дейін) және шетелдік валютадағы (5 млн теңгеге дейін) депозиттерді сақтандырады. Яғни әлдеқандай жағдай туса, бұл ұйым шоттағы ақшаның қайтарылатынына кепілдік береді.
Сонымен қатар банктің елдегі және халықаралық рейтингте қай орында тұрғанына да мән беру керек.
Депозит ашпас бұрын банк ұсынатын сыйақы мөлшерін міндетті түрде ескеру қажет. Депозитті ашып, ақша жинап жүрген кезде де банктің ресми сайтынан депозитке қатысты өзгерістерді бақылап жүрген жөн.
3. Депозиттің қандай түрлері бар?
Депозиттер негізінен үш түрлі болады. Шартты, талап етілетін және шұғыл.
Шартты депозитте келісімшартта көрсетілген әлдебір жайт орын алса, салым ақшасы иесіне қайтарылып беріледі. Бұл - сирек кездесетін депозит.
Талап етілетін депозитте уақыт, сома бойынша нақты шарт жоқ, қалаған сомаға толықтырып, қажет кезде шешіп ала саласыз. Ақшаны үйде сақтаудың тамаша баламасы.
Шұғыл депозит белгілі бір мерзімге ашылады. Бұл уақыт ішінде ақшаны шешіп ала алмайсыз.
Осы ақпарат негізінде Halyk bank ұсынатын "Әмбебап", "Оңтайлы", "Барынша жоғары" депозиттерін қарап көрейік.
Әмбебап депозит
Депозиттің бұл түрін қысқа мерзімде жұмсайтын дүниелерге арнауға болады. Депозитті ашу сомасы - 1000 теңге. Мерзімі - 12 ай. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 9%. Банкте сақтаған қаражатыңызды кез келген уақытта алуға немесе толықтыруға болады.
Оңтайлы депозит
Депозитті ашу сомасы - 15 мың теңге. Мерзімі - 12 және 24 ай. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 10,3%. Банкте сақтаған қаражатыңызды кез келген уақытта толықтыруға болады.
Барынша жоғары депозит
Банктің клиенттерге ұсынған үшінші салым түрі - "Барынша жоғары". Депозит ашу жарнасы - 15 мың теңге. Келісімшартты 6, 12, 24 ай мерзімге ашу мүмкіндігі бар. Жылдық сыйақысы - 13,2%. Келісімшарт жасаған күннен бастап соңына дейін ішінара толықтыру және алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
4. Депозит ашу үшін не істеу керек?
Депозит ашу үшін банктің кез келген бөлімшесіне барып, жеке куәлікті көрсету жеткілікті. Ал ең оңтайлы жолы – бөлімшеге бармай-ақ банктің мобайл қолданбасын жүктеп, үйде отырып рәсімдеу.
Halyk bank клиенттері аптасына жеті күн 24 сағат режимде әлемнің кез келген жерінде жүріп депозит ашып, банк ұсынған тиімді қызметті қолдана алады. Банкке бармай-ақ, Homebank қолданбасы арқылы депозит ашып, қаражатыңызды басқаруыңызға мүмкіндік бар.
5. Депозитті Homebank қолданбасы арқылы ашу неге тиімді?
- Депозитті онлайн ашуға
- Тәулік бойы онлайн толықтыруға
- Комиссиясыз онлайн шешіп алуға
- Cash-In банкоматтары және Halyk Bank терминалдары арқылы толықтыруға
- Карта немесе шот арқылы аударыммен толықтыруға мүмкіндік бар.
6. Halyk Bank-тен депозит ашудың қандай артықшылығы бар?
Қаражатты кез келген түрде толықтыруға болады.
- Банкоматтар арқылы
- Төлем терминалы арқылы
- Банк қосымшасы арқылы аударыммен толықтыру
Жоғарыда айтылған үш депозит бойынша нақты есеп жүргізіп көрейік. Барлық салым бойынша бір мерзім және бір сома аламыз. Мысалы, 500 мың теңгені бір жылға сақтағымыз келді делік.
Әмбебап депозит бойынша үстінен көретін сыйақысымыз – 44 195,45 теңге
Оңтайлы депозит сыйақысы - 50 715,4 теңге
Барынша жоғары депозит сыйақысы – 63 970,6 теңге
Әмбебап депозиті
Оңтайлы депозиті
Барынша жоғары депозиті