«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 27 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де белсенді фронтал жүйеде болып, соның әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстіктің таулы аудандарында жауын-шашын мол түседі. Өңірлерде екпінді жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.
Алматы облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, Жалаңашкөл көлі ауданында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола, Қостанай облыстарында да 15-20 м/с жел соғады, тұман түсіп, бұрқасын болады, Қостанай облысында көктайғақ болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында да 15-20 м/с жел соғып, бұрқасын болады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Түркістан Жамбыл облыстарында желдің екпіні секундна 15-23 метрге дейін күшейеді.
Павлодар, Ақтөбе облыстарында 15-20 м/с жел соғады.
Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарында күн тұманды болады.
Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Маңғыстау облыстарында желдің күшеюі мен бұрқасынға және тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды. Түркістан облысында толассыз жауын-шашын түсуі мүмкін.
