Гидрометеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.
Қазақстан аумағы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттар алдағы үш тәулікте елдің басым бөлігінде жаңбырдың жаууына себеп болады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда арты сулы қарға ұласатын қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Фронттардың орнына келетін антициклонмен бірге күн суытады, — деді «Қазгидромет» мамандары.
