Баланың оқу үлгерімін қалай жақсартуға болады?

Әр оқушының айтылған сабақты, дәрісті, ақпаратты қабылдау ерекшеліктері болады. Біреуі визуалды, екіншісі аудиалды, үшіншісі кинестетик болуы мүмкін. Оқушының мұндай қабілетін  анықтауға болатын ең танымал жүйе «Vark» деп аталады. Оны 1987 жылы Жаңа Зеландиялық оқытушы Нейл Флеминг ойлап тапқан. Қазір Флемингтің аталған жүйесі арқылы баланың айналаны қалай қабылдайтынын білуге болады.

Балаңыз – визуалды (Көру)

Визуалды балалар көзбен көргенді тез есте сақтайды. Бұл олардың суреттері бар кітаптарды жақсы көреді деген сөз емес. Яғни кез келген нәрсені визуалды компоненттермен байланыстыруға тырысады. Ол компоненттер: графика, кестелер, түрлі-түсті түстермен берілген мәтіндер, видео, презентациялар, фотосуреттер т.б. Мектепте оқытушы сабақты түрлі іс-қимылдармен түсіндірсе де, визуалды оқушы берілген ақпаратты тез қабылдап алуға бейім келеді.

cef758581fbaab1a869817956a4e97d6 Баланың оқу үлгерімін қалай жақсартуға болады?
©howwemontessori.com

Балаңыз визуалды болса қалай көмектесу керек?

Үй тапсырмасын орындайтын бөлмесіне барлық ыңғайлы жағдайды жасаңыз.
Жұмыс үстеліне кеңсе тауарларынан, түрлі-түсті стикерлер, қағаз қыстырғыш, маркер, қарандаштар, магниттік тақта сатып алып беруге болады. YouTube желісінен танымдық видеосабақтар, деректі фильмдер көрсетіңіз.

Балаңыз – аудиалды (Есту)

Мұндай балалардың басқалардан айырмашылығы ақпаратты дыбыстар арқылы қабылдайды. Аудиалды балалар өте қырағы келеді. Ән айтқанды, тыңдағанды және сөйлегенді ұнатады. Олар адамдармен көп сөйлессе, жеке дамуына көп көмегін тигізеді. Көбі сынып бөлмесіне кіре сала, достарына демалыс күнін қалай өткізгенін және үй тапсырмасын қалай орындағанын айтуға асығады.

9a7b989939bd8030913b29b6270154e6 Баланың оқу үлгерімін қалай жақсартуға болады?
©pinterest.com

Балаңыз аудиалды болса қалай көмектесу керек?

Аудиалды балаларға үй тапсырмасын орындап жатқанда тыныш орын керек.
Балаңызға плеер сатып алып, аудиокітатаптар мен аудиосабақтарды жүктеп берсеңіз болады. Сонымен бірге, оның берілген тапсырманы қалай тез меңгеріп алатынын тексеріңіз. Бірінші — дауысын шығарып оқытып, мәтіннен не түсінгенін қысқаша айтып беруін өтініңіз. Екінші — іштей оқытыңыз.

Балаңыз – кинестетик  (Дене сезімі)

Олар айналадағы барлық заттың дәмін татып, қолмен ұстағанды ұнатады. Кинестеттер әсершіл, бәрін жүрегіне жақын қабылдайды. Коллекция жинап, табиғат  аясында болғысы келеді.

ef9b8bec0822279cfd2d7361334f3f66 Баланың оқу үлгерімін қалай жақсартуға болады?
©youngparents.com

Балаңыз кинестетик  болса қалай көмектесу керек?

Иллюстрациялы энциклопедиялар, Discovery жанрындағы деректі фильмдер көрсеткен дұрыс. Кинестеттерге шектеу қоюға болмайды. Кинестет балаларға тәжірибелік тапсырмаларды көбірек орындатыңыз.

Балаңыз – дигиталды

d307d9a1d365e27977005ab848907712 Баланың оқу үлгерімін қалай жақсартуға болады?
©howwemontessori.com

Дигиталды балалар мәтінді кітаптың қай бетінде, қалай орналасқанына дейін есте сақтап алады. Олар кітапты көп оқиды. Үлестірмелі материалдарды орындағанды, ұзақ мәтінді жазып отырғанды ұнатады. Көп ақпаратты сандармен, логикалық ойлаумен қабылдайды. Бүгінде психологтар дигиталды балалардың саны көп еместігін айтады. Егер балаңыз дигиталды болса, оның мазасын алмауға тырысыңыз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да