15 қаңтар: Еліміздің оңтүстігінде қалың қар жауады

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын болып, тұман түседі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі, Павлодар облысының кей жерінде күндіз бұрқасын болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!