Көкшетау қалалық iшкi саясат бөлiмiнiң жетекшiсi Андрей Подгурский қаладағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндады. Оның айтуынша, қалада 6 саяси партия, 19 этномәдени бiрлестiк тiркелген. Бүгiнгi күнi қала бойынша 27 дiни бiрлестiк арнайы тiркеуден өткен.
Деструктивтiк дiни ағымдардың терiс әсерi туралы ақпараттармен құлағдар ету, дiни сауаттылықты арттыра отырып, экстремизмнiң алдын алу, дәстүрлi рухани-имандылық және дiни құндылықтарды насихаттау бағытында бiршама жұмыстар атқарылуда. Биыл еңбек ұжымдары мен студенттермен 20 кездесу ұйымдастырылды. Шараға 300-ден аса адам қатысқан. Көкшетауда 31309 жас тiркелген. 4 жоғары оқу орны мен 17 кәсiптiк-техникалық бiлiм беру мекемелерiнде 25 мың студент бiлiм алуда. Қалада 13 жастар бiрлестiгi жұмыс iстеуде.
Жастар ресурстық орталығының бас-тамасымен «Тыныс», «Тұрмыстық химия зауыты», «КамАЗ-Инжиниринг» сияқты iрi кәсiпорындар мен «Қазақтелеком» акционерлiк қоғамында жастар iсi жөнiндегi 4 комитет құрылды. Түрлi шаралар ұйымдастырылып, студент жастар қоғамдық маңызы зор қызметке тартылуда. Құқықтық мәдениеттi көтеру мақсатында жатақханаларда тренингтер өткiзiлiп, құқық қорғау органдарының өкiлдерiмен кездесулер ұйымдастырылады.
Осы уақыт iшiнде жемқорлық, есiрткi, дiни экстремизмге қарсы 6 әлеуметтiк ролик жасалған. 2016 жылдан бастап блогерлер пулы құрылып, танымал сайттар мен әлеуметтiк желiлерге мониторинг жүргiзiледi. Жастар ресурстық орталығы ВКонтакте, Инстаграм, Ғаcebook мобильдiк қосымшаларында ашық топ ашып, мемлекеттiк жастар саясатын жүргiзуде. Қалада ахуал бiрқалыпты. Дегенмен босаңсуға болмайды. Сондықтан жұмыстар кешендi түрде жоспарға сай жалғасады.
