Жиын барысында бұл бағытта жеке және заңды тұлғалардың дебиторлық берешегiн өтеуге байланысты атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алда тұрған мiндеттер айқындалды.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 13 ақпанға дейiнгi аралықта «Көкшетау Жылу» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының талап-арыз жұмыстарының нәтижелерi бойынша 79 764 320 теңге сомасында сотқа 1473 талап-арыздары берiлген. Олардың iшiнде, жеке тұлғалар бойынша — 62 178 624 теңге сомасында 1431 арыз, заңды тұлғалар бойынша — 17 585 696 теңге сомасында 42 арыз. Ал, «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны 128 200 000 теңге жалпы сомасында сот орындау-шыларына 3445 атқарушылық парақтар жолдап, оның iшiнде 2229 өндiрiстiк iс бойынша 76 700 000 теңге сомасында қаржыны өндiрiп алды.
Сумен жабдықтау көрсеткiштерiн автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнында уақытты және ақшаны үнемдейтiн «Whats App» жедел ақпарат алмасу жүйесi енгiзiлдi. Жиналыста талқыланған мәселелер бойынша Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары кәсiпорындар директорларына өз сайттарын жаңартуды, онда дебиторлық берешек туралы мәлiметтердi орналастыруды тапсырды.
Қала тұрғындарына қолайлы болу үшiн комиссиялық емес төлем терминалдарын пайдалану, сондай-ақ, тұтынушыларға «онлайн» режимiнде коммуналдық қызметтердi төлеу мүмкiндiктерiн қарастыру ойластырылды. Дебиторлық берешектiң төмендеу динамикасын жүзеге асырудың нәтижесiнде «Көкшетау Жылу» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының ағымдағы жылғы маусым айындағы 338 646 000 теңге дебиторлық берешегi 13 қазандағы көрсеткiш бойынша 134 400 000 теңгеге азайды. Сондай-ақ, «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының 190 000 000 теңге дебиторлық берешегi бүгiнгi күнi 152 000 000 теңгенi құрап отыр. Бұл мәлiметтер аталған кәсiпорындар тарапынан дебиторлық берешектi азайтуда мақсатты жұмыстар жүргiзiп отырғандығын аңғартады.
