Бозайғыр ауылындағы колледж студенттерінің 90%-ы жұмысқа орналасады

Соңғы 5-6 жылдың ішінде Бозайғыр ауылындағы №5 агротехникалық колледждің материалдық-техникалық базасы мықтап дамыды. Оқу кабинеттері жаңартылып, студенттер жатақханасы күрделі жөндеуден өткізіліп, зертханаларға заманауи құралдар орнатылды.  Дуальды оқу жүйесіне көшкен студенттер Шортанды ауданының ондаған шаруашылықтарында тәжірибеден өтті. Сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру саласы бойынша мамандық алып жатқан жастар Астана қаласындағы мейрамханаларда дәмді ас пісірудің қыр-сырларын үйренуде. «Серпін» бағдарламасының аясында жұмысшы мамандығын игеруге ниет білдірген оңтүстік өңірі жастарының саны артты.

Аталмыш колледждің фермер шаруашылығы және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру бөлімінде оқитын студенттердің 90 пайызы қолына диплом алған соң Астана қаласы мен Шортанды, Целиноград аудандарының аумағында тұрақты жұмысқа орналасқан. Оқу орнының директоры Мұрат Мұхамадиев тағы бір жаңа мамандық тігіншілер дайындауды қолға алып жатырмыз, — дейді. Қорыта айтқанда, Бозайғыр ауылындағы №5 агротехникалық колледж кәсіптік білім берудің көкжиегін кеңейтіп, жұмысшы мамандарының ұстаханасына айналып келеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да