ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының барысын тексерді

Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» полигонында Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Азамат Әбдімомынмен бірлесе дағдарыс ауданында заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау және жою бойынша бригадалық тактикалық топтың тактикалық іс-қимылдарын бақылады.

eccbc87e4b5ce2fe28308fd9f2a7baf3 8 ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының барысын тексерді
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-жаттығу полигондарының жабдығы мен инфрақұрылымын тексеріп, сондай-ақ оқу-жаттығудың жетекшісі генерал-лейтенант Мұрат Майкеевті әскерлердің оқытылу нәтижелері туралы тыңдады. Алматы облысының «Көктал» полигонында Қорғаныс министріне ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов жолы қиы жерде заңсыз қарулы құралымдарды Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерінің жоюы жауынгерлік эпизоды ұсынылды.

98f13708210194c475687be6106a3b84 ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының барысын тексерді
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жұмыс сапарының нәтижелері бойынша қорғаныс ведомствосының басшысы «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы Қарулы Күштерді дамыту және қолдану аясында жауынгерлік даярлықты ұдайы жетілдірудің, сондай-ақ армияның еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға әзірлігінің көрсеткішіне айналды.

c20ad4d76fe97759aa27a0c99bff6710 1 ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының барысын тексерді
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Одан басқа, оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі оқу-жаттығу басшылығына нақты тапсырмалар берді. ҚР Қарулы Күштерінде 12 қыркүйектен бастап «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Оған 10 мыңға жуық әскери қызметші, 1500 бірліктен аса жауынгерлік техника, 40-тан аса ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің корабльдері қатысты.

6f4922f45568161a8cdf4ad2299f6d23 ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының барысын тексерді
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Аталмыш оқу-жаттығудың ерекшеліктері Қарулы Күштердің барлық түрлері, әскер тектері, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдерінің өзара іс-қимылы, сондай-ақ әскери барлау күштері мен құралдарын тексеру болып табылады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да