Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында аптап ыстық болған еді. Осы аймақтарда алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты температураның төмендеуі күтіледі. Кей жерлерде өткінші жаңбыр болып, найзағай жарқылдап, жел 15-25 м/с күшейіп, кей аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.
Республиканың қалған аймақтарында да жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ пен қатты екпінді жел болады деп болжануда.
Көптеген аймақтарда температура төмендеп, климаттық нормаға жақын болады.
