Енді мемлекет такси қызметін бақылауды күшейтеді

Не болды?

Енді мемлекет такси қызметін бақылауды күшейтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрыққа өзгеріс енді. Бұрынғы ереже бойынша, такси қызметкері жолаушыны жеткізу үшін бір ғана көлікпен емес, әртүрлі көлікпен жүретін еді. Бұл жол апатында жолаушы немесе үшінші тұлға зардап шеккенде жауапты адамды анықтауға кедергі болды.

Жаңа ереже бойынша, енді такси жүргізушісі жолға шықпас бұрын көліктің маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі мен шыққан жылы жайлы мәліметті атқарушы органға жолдауға тиіс.

Бұл өзгеріс жолаушылардың қауіпсіз тасымалы мен такси нарығына заңсыз кірген қызметкерлерді анықтау үшін аса маңызды, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, болашақта Алматы мен Алатау қалалары арасында сағатына 350 км жылдамдықпен аэротакси қатынайды.