Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығында баға өзгергені байқалады. Мысалы, нан — әлеуметтік маңызы бар өнім. Мемлекет нан пісіріп, сататын кәсіпкерлерге субсидия бөліп, шекті бағаны бекіткен. Алайда нан бағасы әлі де тұрақты емес.
Baribar.kz еліміздің әр аймағында нан бағасы әртүрлі екенін хабарлап отыр.
Нанды ең қымбат сататын қалалар — Қонаев пен Алматы
- Алматыда — 308 теңге;
- Жезқазғанда — 281 теңге;
- Ақтауда — 253 теңге;
- Семейде — 246 теңге;
- Талдықорғанда — 240 теңге.

Наны ең арзан қала — Орал
Қазақстан бойынша ең төмен баға Оралда тіркелген. Бір келі нанның құны — 185 теңге. Ал Шымкентте нан 187 теңге, Ақтөбеде 193 теңге, Петропавлда 196 теңге тұрады. Демек, шекті баға айырмашылығы — шамамен 90%.
Нан тұтыну көлемі бойынша картоптан кейін тұр
Нан — ас мәзіріндегі негізгі өнім. Елімізде нан тұтыну көлемі бойынша картоптан кейін тұр. 2025 жылғы дерекке қарағанда, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанның жан басына шаққандағы орташа тұтыну көлемі — 28,4 кг. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен (27,6 кг) салыстырғанда 2,8% жоғары, бірақ 2022 жылғы деңгейден (30,2 кг) төмен болып тұр.

Бір жылда нан бағасы 7,1% өскен
Биылғы наурыз айының қорытындысы бойынша, бір жылда нан бағасы 7,1% өскен. Алматыда нан бағасы бірден 22,8% қымбаттаған. Сонымен қатар Қызылорда облысы (11,7%) мен Алматы облысында (7,8%) баға өскен. Нан бағасы түскен жалғыз өңір — Ақмола облысы (1,4% түсті).
Бір жылда қара бидайдан жасалған нан, туралған батон мен бидай наны қымбаттаған. Дәлірек айтсақ:
- қара бидайдан жасалған нан — 11,6%;
- туралған батон — 10,1%;
- бидай наны — 6,8% қымбаттады.

***
Тағы оқыңыз
Азық-түлік бағасын асырғандарға жаппай айыппұл салынып жатыр

