«Жанымды қоярға жер таппадым». Актер Азамат Сатыбалдыға шұғыл ота жасалды

Белгілі актер Азамат Сатыбалдының денсаулығы күрт нашарлап, ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өнер иесінің айтуынша, кезекті спектакльден кейін өзін жайсыз сезінген. Алайда түн ортасында жағдайы күрт нашарлап, қатты ауырсыну басталған.

Түнде 12 де басталды бір дүлей сырқат. Жанымды қоярға жер таппадым. Ішпеген дәрім жоқ. Таңғы төртке дейін шыдадым, бірақ жағдайым одан сайын қиындай түсті. Жедел жәрдем шақыруға тура келді. Дәрігерлер бірден шұғыл ота қажет екенін айтты, – деді актер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от AZAMAT SATYBALDY (@azamatc)

Азамат Сатыбалды жоспарланған қойылымына байланысты операцияны кейінге қалдыруды сұрағанымен, дәрігерлер тәуекелге бармай, дереу ота жасауды ұсынған.

Сонымен қатар актер қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне қатыса алмағанына өкініш білдірді.

Бір әттеген-ай бар. Мұхтар ағамен қоштаса алмадым. Жақсы көретін ақыным. Нар тұлғалы қоғам қайраткері еді. Алла алдынан жарылқасын ағамызды. Жаныңыз жәннәттың төрінде шалқысын асыл ағатай, – деп жазды Азамат Сатыбалды.

Қазіргі уақытта актердың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да