Қазақстан халқы биыл 30 тамызда демала ма? Министрлік жауап берді

Не болды?

Халық биыл 30 тамыз күні демалмайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Үкімет брифиңінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев биыл азаматтар 30 тамыз күні бұрынғы Конституция күніне орай демалмайтынын мәлімдеді.

Жаңа Конституция күшіне еніп, басқа күн белгіленді. 30 тамыз әдеттегі жұмыс күні болады, — деді Асқарбек Ертаев журналистерге берген жауабында.

Контекст

Естеріңізге салайық, Конституция күні 15 наурыз болып белгіленді.

Қазақстан азаматтары мамыр айында жарты ай демалады.