Талғарда жаңа жастар орталығы ашылды

Талғарда жастарға арналған жаңа заманауи орталық ашылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, бұған дейін облыс әкімдігінің қолдауымен дәл осындай ғимарат Балқаш, Кеген, Райымбек, Қарасай аудандарында бой көтерген.

Сонымен қатар Қонаев қаласы мен Іле, Ұйғыр аудандарында коворкинг орталықтар жастар игілігіне қызмет етіп жатыр. Талғардағы жаңа нысан – сол жұмыстың заңды жалғасы. Бұл орталық жастардың жан-жақты дамып, жетілуіне, тың идеяларды іске асыруына мүмкіндік береді. Ғимарат заманауи жиһазбен, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Орталықта түрлі кездесулер өткізуге арналған мәжіліс залы, шығармашылыққа серпін беретін коворкиң алаңы қарастырылған. Сонымен бірге мейірім мен жанашырлыққа тәрбиелейтін еріктілер клубы жұмыс істейді, — делінген хабарламада.

Бүгінде Алматы облысында 432 мың жас бар. Оның 70 мыңнан астамы Талғар ауданында тұрады. Оның ішінде 2 мыңға жуығы NEET санатына жатады. Орталық мамандары оларға бағыт-бағдар көрсетіп, қоғаммен етене араласуына жағдай жасайды.

Жаңа орталық жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, болашағының жарқын болуына ықпал етеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да