Жаңаөзенде қыз алып қашқан бес адам сотталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
КТК арнасының мәліметінше, оларға «Адам ұрлау» және «Некеге тұруға мәжбүрлеу» баптары бойынша айып тағылған.
Қылмыс өткен жылғы желтоқсан айында болған. Қызды алып қашу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада бірнеше ер адамның бойжеткенді күштеп көлікке отырғызып жатқаны көрінеді. Жәбірленуші қарсылық көрсеткенімен, оған шамасы жетпеген, — делінген хабарламада.
Полиция күдіктілерді жедел түрде анықтап, ұстаған.
Сот шешімімен бес адамға да үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
