Мектеп бітіру кешіне ақша жинауға тыйым салынды

Не болды?

Оқу-ағарту және ішкі істер министрліктері орта білім беру ұйымдарында бітіру кешін өткізуге қатысты талапты нақтылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Министрліктердің хабарлауынша, аттестат табыстау рәсімі тек мектепте өтеді. Мектеп бітіру кешін де мектептен тыс жерде өткізуге тыйым салынды.

Білім алушылардан, олардың ата-анасынан немесе заңды өкілінен қаражат және өзге де материалдық құндылық жинауға қатаң тыйым салынады, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, бұған дейін Алматыда тұратын ана Тоқаевқа үндеу жасап, бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинап жатқанын айтқан.

Оның айтуынша, бітіру кешіне кететін шығын бұдан да аз бола алады. Алайда оның ұсынған есебі тіпті қаралмаған.